Жаңалықтар

7 жасар өгей қызын өлтірген журналист Балжан Тұрлыбекке сот үкімі шықты

7 жасар өгей қызын өлтірген журналист Балжан Тұрлыбекке сот үкімі шықты
Фото: әлеуметтік желі 18.03.2024 12:00 1960

7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей анасы Балжан Тұрлыбекті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот Тұрлыбек Балжанды Қылмыстық кодекстің 99-бөлімінің 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, ол үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарды. Бас бостандығынан айыру мерзімін 2023 жылдың 10 шілдесінен санап, қамауда отырған әр күнді бір жарым күннен есептелсін. 677 мың теңге процестік шығындар және жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК төлем өндірілсін. Азаматтық талап арызды қараусыз қалдырылсын, – делінген судья үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жеті жастағы қыз 2023 жылдың шілде айында кісі қолынан қаза тапқан еді. Күдікті ретінде өгей анасы танылған. Медициналық сараптама маманының мәліметінше, қыздың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Қыздың басынан доғал, қатты затпен соққан. Сарапшы бес соққы болғанын атап өтті. Бұл жарақаттарды құлаған кезде алуы мүмкін емес екені айтылды. Қайтыс болған қыздың басында жарақат әр жерінен болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға