Жаңалықтар

7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

7 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: © El.kz 07.11.2023 06:19 677

Қазгидромет 7 қараша күні Астана мен еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін. 

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға