Жаңалықтар

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана қаласында бұрқасын соғады
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: baq.kz 22.12.2022 21:17 1370

Қазгидромет 23 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға