7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
Қазгидромет 29 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қаласында түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Күндіз 30 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
