Жаңалықтар

7 мыңнан астам теміржолшы жолдарды қардан тазартты

7 мыңнан астам теміржолшы жолдарды қардан тазартты
Фото: railways.kz 05.01.2023 18:00 1409

Автожолдардың жабылуы мен әуе қатынасындағы үзілістер жағдайында теміржол көлігі жолаушылар мен жүктердің жалғыз тасымалдаушысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қиын климаттық жағдайларды және қардың түсуі ықтималдығын ескере отырып, пойыздар қауіпсіздігі мен сенімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін кейбір теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылды. Осыған байланысты пойыздар қозғалыс кестесінде өзгерістер байқалуда.

Теміржолшылар күрделі метеожағдайларда тұрақты тасымалдау процесін ұйымдастыруға барынша күш салуда. Жауған қалың қарға  байланысты темір жолдарын, бағыттамалық бұрмаларды, жолаушылар платформаларын тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.

Үш күн ішінде теміржол желісінде тәулік бойы 7 мыңнан астам теміржолшы жұмыс істеді. Арнайы қар тазалау және қардан аршу техникасының 129 бірлігі жұмылдырылды.

Қармен күрестің негізгі іс-шаралары Қарағанды, Қостанай, Семей бөлімшелері аумағындағы магистральдық желілерде өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға