7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz
23.09.2022 01:39
1175
"Қазгидромет" РМК синоптиктері төтенше өрт қаупі мен найзағайға байланысты еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының шығыс жартысында, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
"Қызылорда облысының орталығында күннің бірінші жартысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді, - дейді "Қазгидромет" РМК.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
IBF Головкинді чемпиондық белбеуін қорғауға міндеттемек
Келесі жаңалық
ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды