Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды
Фото: © Pixabay.com 03.05.2024 23:05 587

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 2 мамырындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.

Республика бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Елордада 423,3 млрд теңгеге 26 759 өтінім қабылданған. Екінші орында – Алматы қаласы. Мегаполисте 234,6 млрд теңгеге 15 017, ал Шымкентте 68,1 млрд теңгеге 5 455 қарыз берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға