«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін
Бұл туралы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында айтты
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына берген жауабында «7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін екені туралы айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– «7-20-25» бағдарламасын жалғасуы мүмкін деп ойлаймын. Ал бюджеттің мүмкіндігін айту үшін есептеу керек. Бұл оңай мәселе емес, – деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаевтың коммерциялық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау туралы ұсынысына пікір білдірді.
– Бұл мәселе бойынша ешкім шешім қабылдап жатқан жоқ қой. Кез келген адам нақты ұсыныс енгізуге хақылы. Ондай ұсыныстардың болуға хақысы бар. Түптеп келгенде қалыпты ұсыныс,– деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Айта кетейік, Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы «7-20-25» орнына жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынған болатын.
