65 бала көз жұмды: Өзбекстанда атышулы препаратқа байланысты сот отырысы өтеді

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
11.08.2023 11:33
1152
Бүгін Ташкентте Өзбекстандағы 65 баланың өліміне себеп болған «Док-1 Макс» аппаратына қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сот тыңдауы 11 тамызға тағайындалған.
21 адам Өзбекстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша тергеледі, - делінген мәліметте.
Олардың қатарында Үндістан азаматы, Өзбекстан фармакология саласын дамыту жөніндегі агенттіктің экс-директоры, Quramax Medikal компаниясының басшысы да бар.
Айыптау қорытындысында «Док-1 Макс» препаратынан 65 жас бала қайтыс болды делінген.
Атышулы іс Ташкент қалалық сотында қаралады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда 162 млн теңгені қолды қылған кәсіпкерлер сотталды