Жаңалықтар

600 млн теңге ұрлаған бухгалтердің жазасы жеңілдетілді

600 млн теңге ұрлаған бухгалтердің жазасы жеңілдетілді
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 08.01.2025 09:53 308

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында бухгалтердің компаниядан 600 миллион теңгеден астам қаржы ұрлауына қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы сот мәліметінше, сот үкімімен Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.

Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді. Сонымен бірге оның әрекеті дұрыс сараланбаған.

«Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Жоғарғы соттың 2003 жылғы 1 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатты, оның ішінде электрондық ақша қаражатын оның иесінің шотынан өзiнiң немесе бөтен адамның шотына аудару жолымен ұрлау ҚК-нің 189-бабы бойынша кінәлі адамның өз лауазымы бойынша жәбірленушінің қолма-қол ақша шотындағы ақшаға билік етуге құқығы болған жағдайда, кінәлі адамға өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау деп саралануы тиіс, - делінген мәліметте.

Мұндай құқық болмаған жағдайда іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жататыны нақтыланды.

Іс материалдарынан Шигабутдинованың қаржылық құжаттарға қол қоюға құқығы болмағаны және ЖШС қаражатын өз атынан басқара алмайтыны шығады. Ол тек ЖШС директорына берілген ЭСҚ кілті арқылы қаржылық құжаттарға қол қойған және осылайша оның шоттарына ақша аударған, яғни ұрлаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шигабутдинованың әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қайта сараланып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға