60 мыңға жуық қазақстандық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
11.09.2024 23:09
417
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтер үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тегін біліктілікті арттыру курстары осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.
Бүгінгі таңда орталығымыздың оқытушылары 2280-нен астам курс өткізді, онда 60 мыңға жуық педагог оқыды. Қазір мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 348 педагогы, мектептердің 2183 педагогы және колледждердің 117 оқытушысы білім алуда. Әр педагог курстан кейін алған білімдері бойынша бағаланады және оқытудың тиімділігіне талдау жасалады, – дейді «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
Естеріңізге сала кетейік, курстар биылғы жылы ақпан айының соңында басталған болатын. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 мыңнан астам педагогын, мектептердің 68 мыңнан астам педагогын және колледждерден 1400-ге жуық педагогті оқытуды жоспарлауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға