Жаңалықтар

60 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті
 60 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды
Фото: El.kz 24.08.2022 17:12 1670

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды. Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған. 

Осыған байланысты, Департаменттің Жамбыл облысы әкіміне ағымдағы жылғы 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды. Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн теңгені құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға