6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік қозғалысы бір күнге жабылады

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
05.07.2023 19:20
1075
6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес, Астана күні мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ние0т білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Топ-10: Қазақстанның ең сұлу қыздары
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді