Жаңалықтар

-6 градус: елімізде қайта үсік жүреді

-6 градус: елімізде қайта үсік жүреді
Фото: ©Pixabay.com 23.04.2025 16:51 137

Республиканың көп бөлігі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемінің ықпалында болады, түнде елдің солтүстігінде, шығысында 1-3 градус аяз болжанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тек ҚР-ның батысында, солтүстік-батысында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады деп болжануда.

24 сәуірде түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, 24-25 сәуірде Павлодар, 25 сәуірде Қарағанды облыстарында 1-3 градусқа дейін, 25-26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-6 градусқа дейін аяз болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға