Жаңалықтар

«6 ай уақыты қалды»: «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер дертке шалдықты

«6 ай уақыты қалды»: «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер дертке шалдықты
Фото: El.kz 07.04.2025 14:15 258

Нұрлан Сегізбаев, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер Қожаны сомдаған актер, қазір ауыр сырқатпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Жанар Канафинаның айтуынша, актерге созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші дәрежесі диагнозы қойылған. Дәрігерлердің болжамына сүйенсек, оған небәрі 6 ай уақыт қалған.

75 жастағы Нұрлан Санжарұлы қазір шұғыл қаржылық көмекке мұқтаж. Ол кезінде журналистика факультетінде ұстаз болып қызмет еткен, бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты енді жұмыс істей алмайды. Қазір ол тыныс алу аппаратын тәулігіне 14 сағат пайдалануға мәжбүр.

Десе де, Нұрлан аға өмірге деген құштарлығын жоғалтқан жоқ. Жанар Канафинаның сөзінше, ол жақында сұхбат беріп, композитор Нұрғиса Тілендиев туралы жылы естеліктерімен бөліскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға