Жаңалықтар

5 ұпай!

5 ұпай!
14.10.2015 04:33 6398

5 ұпай!

2016 жылы Францияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатына баратын командалар анықталды. А тобында Чехия, Исландия, Түркия, Голландия және Латвия құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан ұлттық құрамасы 2 тең ойын және бір жеңісімен өз тобында бесінші орын алды. 

5 ұпай!

Қазақстан құрамасының іріктеу сындарындағы ойындарынан бес ерекшелікті атап өтейік.

5 ұпай! 

Гол саны бойынша алатын болсақ, 7 гол соғып, 18 доп қақпамызға жіберіппіз. Голдардың барлығын тағы бір електен өткізер болсақ, 7 голды да қорғаушылар соғыпты. 2014 жылы 10 қазанда (2014 жыл, сырт алаңда) Голландия қақпасына Ренат Абдулин соққан, 13 қазанда (2014 жыл, өз алаңында) Чехия қақпасына Юрий Логвиненко 2 гол соқты, 16 қарашада (2014 жыл, сырт алаңда) Түркия қақпасына пенальтиден Самат Смақов гол ұрды, 3 қыркүйекте (2015 жыл, сырт алаңда) Чехия қақпасына Юрий Логвиненко гол соқты, 10 қазанда (2015 жыл, өз алаңында) Голландия қақпасына Исламбек Қуат гол ұрды, 13 қазанда (2015 жыл, сырт алаңда) Исламбек Қуат Латвия қақпасына жеңіс голын соқты.

 5 ұпай!

Исламбек Қуат – 2015 жылы Црвена Звезда және Бордо клубтарына, сондай-ақ, Голландия, Латвия сияқты ұлттық құрамаларға қарсы гол соққан ойыншы. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында Исламбек Қуаттың Латвияға соққан голы ғана бізге ұпай алып келді. Өйткені, сырт алаңда Исландиямен, өз алаңымызда Латвиямен  болған кездесулерде есеп 0-0 боп тіркелді.

 5 ұпай!

Қазақстан ұлттық құрамасының іріктеу сындарындағы ең соңғы матчы Түркияның 2016 жылғы Еуропа чемпионатына ең үздік үшінші команда ретінде қатысуына мүмкіндік сыйлады. Өйткені, УЕФА-ның жаңа ережелеріне сай Түркия командасы Латвияны екі ойында да жеңе алған жоқ, ал екі ойында да Түркиядан ұтылған Қазақстан құрамасы Латвиядан басым түсіп, түріктерге тікелей жолдама әперді. Демек, өзіне де, өзгеге де қуаныш сыйлады. «Ең үздік үшінші команда» ретінде Венгрия да Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алуға мүмкіндігі болған.

 5 ұпай!

Қазақстан соңғы алты жыл ішінде тұңғыш рет ресми матчтарда сырт алаңда жеңіске жетті. 2009 жылы сыр алаңда Андорраны 3-1 есебімен ұтқан болатын. Латвия құрамасын жеңген Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобында 5 орын алып, келесі іріктеулерде рейтингі жоғарылап, соңғы аутсайдерлер дорбасынан құтылатын болады.

 5 ұпай!

Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сындарында 7 гол соққанын айтып өттік. Сол жеті голдың үшеуін өз алаңында соқса, төртеуін сырт алаңда соғыпты. Демек, Қазақстан ұлттық құрамасының сырт алаңдағы ойындарында анағұрлым жетістік бар. 2014 жылы Амстердамда (Голландия), 2015 жылы Пльзенде (Чехия) өткен матчтарда бірінші болып есеп ашқанымызды да ескерейік.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Суреттер Қазақстан-Голландия матчынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға