Жаңалықтар

«53 адам қайтыс болды». Белгісіз аурудан адамдар жаппай қырылып жатыр

«53 адам қайтыс болды». Белгісіз аурудан адамдар жаппай қырылып жатыр
Фото: pixabay.com 26.02.2025 16:50 992

Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеуден кейін 53 адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, бұл оқиға шалғай ауылдарда орын алған. Қазіргі уақытта аурудың себебі анықталу үстінде.

Оқиғаға байланысты тіркелген негізгі белгілер мыналар: қызу көтерілуі, құсу және мұрыннан қан кету. Бұл белгілер байқалғаннан кейін екі тәулік ішінде науқастардың көпшілігі қайтыс болған. Бұған қоса, бес жасқа толмаған үш бала да осы аурудан көз жұмған.

Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, тұрғындар өлген жарғанат етін тұтынған болуы мүмкін. Қазіргі таңда мамандар тұрғындардың жаппай улануының нақты себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға