Жаңалықтар

52 мың жалған медициналық қызмет көрсетілген

52 мың жалған медициналық қызмет көрсетілген
Фото: El.kz 25.04.2023 11:34 1128
Алтай Көлгінов МӘМС-ке қатысты кемшіліктерді атады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.
 
МӘМС бойынша Үкіметте тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Премьер-министрдің дәрежесінде жиналыс өтті. Қазіргі таңда ОСМС-ке жаңа басшылық келді. Бір айдың ішінде жасалған жұмыстың нәтижесінде біз көптеген кемшіліктерді байқадық. Ол жұмысты пысықтап болған соң, халыққа жеткіземіз, - деді вице-премьер.
 
Ең үлкен кемшілік ашықтықтың жоқтығы, себебі, салада цифрландыру жұмыстары жүргізілмегенін атап өтті.

Мысалы, кейбір медициналық ұйымдар бір қызмет көрсеткен болса да, бірнеше қызмет түрін жазып (преписка) отырған. Одан бөлек, азаматтардың шағымдарын қарастырғанымызда, баласына медициналық қызмет алынды деп көрсетілген жерлерде, негізінде ешқандай қызмет түрін алмаған болып шыққан жағдайлар да тіркелді. Қазіргі уақытта 52 мың медициналық қызмет көрсетті деген жалған факті анықталды, - деді Алтай Көлгінов.
 
Қазіргі таңда, цифрландыру мағызды. Полиция қызметкерлерін әр бір ұйымды бақылауға ала алмайды. Сондықтан цифрландыру нәтижесінде барлық олқылықтар анықталады. Қазіргі уақытта МӘМС жүйесінде кемшіліктер мен мәселе өте көп екенін айтты. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға