Жаңалықтар

5 жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты

5 жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
Фото: instagram.com/dana_yesseyeva 19.05.2024 22:49 632

Танымал блогер Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаевтың демалысқа келгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, балалар әкесімен кездескеніне қуанып жатыр

Мейіржанның заңда белгіленген қысқамерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Балалар қуанып жатыр. Кішкентайлар кейінгі кездесуден кейін сөйлей бастады, көп сұрақ қоятын болған. Үлкендері бәрін түсінеді, жақын арада тағы да Павлодарға аттанатынын сезіп, жанына үнсіз отырып, құшақтайды. Онда Мейіржан күндіз «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ананың жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында, - деп жазды ол.

Айта кетейік, сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.

Вайнерлер тек 217-бап (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға