6 ақпан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысында – 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)
Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1. «Орал-Тасқала- РФ шекарасы» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. 100 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
(жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)
Қостанай облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек – Арқалық қ. – 83 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ұлытау облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. – 115 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
(бұрқасын, шектеулі көрініс)
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 769 бірлік техника және 1570 жолшы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде бір тәулік бойы жанған сауда үйіндегі өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды