Бұл жолы «Ел ішінде» - Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев. Ол Ақмола облысының Қосшы қаласына барып, осыдан 3 жыл бұрын қала мәртебесін алған елді мекеннің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мұнда мемлекеттік қайтарымсыз грантты ұтып алып, кәсіп бастаған қарапайым азаматтар көп. Мәжіліс депутаты солардың бизнесімен жақынырақ танысты.