Жаңалықтар

47 жастағы ер адам аулада ойнап жүрген қыздың бетінен сүйген: Ақтау тұрғындары шу шығарды

47 жастағы ер адам аулада ойнап жүрген қыздың бетінен сүйген: Ақтау тұрғындары шу шығарды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 27.07.2023 12:39 3284

Кеше Ақтаудағы 26-шағынауданның тұрғындары аулада жүрген балаларға мас адамның тиіскенін айтып, шу шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, ауладағы балалар 47 жастағы ер адамның қызды сүйіп, оған шоколад алып беруге уәде бергенін жеткізген.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оларға 47 жастағы тұрғынның балаларға тиіскені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оған қатысты екі хаттама толтырды.

2023 жылғы 25 шілдеде «102» кезекшісінің пультіне 28а шағын ауданындағы үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы шақыру келіп түсті. Учаскелік инспектор шақыруға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға қырындағаны белгілі болды. Аталған азаматқа екі бап бойынша әкімшілік хаттама  жасалды. 440-баптың 3-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) және ҚР ӘҚБтК 449 (қоғамдық орындарда қырындау), - деп мәлімдеді аймақ полициясы.

Бұл баптарға сәйкес күдіктіге 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға