Жаңалықтар

463 млн теңге түскен: Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

463 млн теңге түскен: Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды
Фото: El.kz 24.03.2023 15:50 971

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі агенттікке сілтеме жасап.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, Qnet қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырды. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды. Бірқатар шет елдерде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді, - делінген хабарламада.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан 463 млн теңге түскен.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға