Жаңалықтар

46 кеншінің өлімі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

46 кеншінің өлімі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 17.02.2025 16:42 550

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша 10 айыпталушыға қатысты іс сотқа жіберілді, - деп жазды ол.

Естеріңізде болса, Костонко атындағы шахта қайғылы жайт 2023 жылғы 28 қазанда болды. Жарылыс кезінде кеніште 252 адам болған, соның ішінде 206 кенші жер бетіне шығып үлгерген, ал қалғандары қаза тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға