Жаңалықтар

45,5 млн теңге залал: «Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының қылмыстық әрекеті анықталды

45,5 млн теңге залал: «Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының қылмыстық әрекеті анықталды
Фото: instagram.com/bogatyr.kz 13.04.2023 09:21 808

Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекеті анықталды, деп хабарлайды El.kz.

ҚМА мәліметінше, автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді.

«Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнату имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұран. Тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған», – делінген баспасөз парағында.

Аталған тұлғалар ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді.

Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға