Жаңалықтар

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧуРСИНОВ 17.09.2024 12:01 1317

Астана қаласындағы ҚР ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №3 мекемесінде тұтқындарға арнайы ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушыларға туған-тустары келіп, тамақ, киім-кешек әкеліп берді. БАҚ өкілдері де сол жерден табылды. Оларға мекеменің ішкі-сыртқы жұмыстары таныстырылды. Қазіргі таңда аталған түрмеде 400-ге жуық тұтқын жазасын өтеп жатыр. Оның 360-ы арнайы жұмыспен қамтамасыз етілген.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өттіфото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мақсат Баймұлдиновтың сөзінше, ашық есік күні аясында 35-ке жуық сотталушының туған-туыстары келді.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өттіфото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Мұндай ашық есік күні осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл мекемеге келіп түскен тұтқындар аса ауыр қылмыс жасамағандар. Бізде сотталғандардың жартысы қасымыздағы өндірістік аймақтарда, 100-ден астамы қалада, мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Олардың көбісі абайсызда адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы, қаржылық пирамидамен сотталғандар, – дейді Мақсат Баймұлдинов.

Сондай-ақ бұл жерде белгілі бір ішкі тәртіп бар. Таңғы сағат 6-дан ұйқыдан тұрған тұтқындар алдымен жуынып-шайынып болғасын тамақ ішуге барады. Тамақтанып болған соң таңғы сағат 7-ден кейін жұмыс берушілер келіп, сотталғандарды жұмысқа әкетеді.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Тұтқындар кешкі уақытта жұмыстан кейін мекемеге оралады. Егер тұтқынның жұмысқа икемі болмаған жағдайда оларға үйретіледі. Мәселен бізде тігін цехы бар. Бұл жерде бір-екі ай үйретеді, одан кейін оларды жұмысқа алады. Сотталушылар ең төменгі айлық 85 мың теңге жалақы алады, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Қылмыстық атқару кодексінің 143 бабына сәйкес сотталғандарға мекеме қызметкерлерінің рұқсатымен айына төрт рет жасақ бастығымен бірге қалаға жіберіледі. Яғни, олар өздеріне киім-кешек, тамақ, керек-жарағын алады.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Ол жақта тұтқындар туған-туыстарымен кездесе алмайды. Мекемеде сотталушылар арналған ұзақ мерзімді кездесулер бар. Айына бір рет ұзақ жәіне қысқа мерзімде жүздесе алады. Дәл солай туыстары да оларға тамақ-киім-кешегін әкеле алады. Қазір қыс келе жатыр. Киімдерін әкеле бастайды. Біздің тараптан сотталушыларға киім-кешек беру қарастырылмаған. Тек азаматтық үлгідегі киімдермен жүреді, – деді Мақсат Баймұлдинов.

Аталған мекемеде барлығы 80 шақты қызметкер бар. Сотталушыларға арнайы психологиялық көмек те көрсетіледі. Жұмыс берушілер тұтқындарға белгілі бір уақытта еңбек демалысын береді. Одан кейін мекеме қызметкерлері де мінез-құлқына қарап, сотталушы өзін дұрыс жағынан көрсетіп, мекеме әкімшілігіне көмектесіп, ешқандай құқық бұзушылық танытпаған жағдайда сотталғанды үйіне немесе еңбек демалысына жібере алады.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сотталғандардың ең кемі алты аймен келеді. Ал ұзақ мерзімді 10 жылға дейін. Жол апатынан абайсызда қайтыс болған бір адам болса бес жыл, ал екі өлім болса 5-10 жылға дейін беріледі, – деді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №3 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Тұтқын:

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Мен осы 2024 жылдың сәуір айында осы мекемеге түстім. Келгеннен бастап жұмысқа тұрдым. Қазіргі таңда көлік жөндеймін. Жол апаты бойынша істі болып, екі жыл екі аймен қамалдым. Мұнда түскеніме жеті ай болып қалды. Айына екі рет туыстарым келіп тұрады. Жұма сайын екі рет телефон арқылы үй-ішіме сөйлесе аламын. Өзім үйленгенмін, кішкентайым бар. Олар ай сайын қысқа мерзімді екі сағатқа келіп тұрады. Жұмыс істегеніме қарай ай сайын ең төменгі айлық бойынша жалақы аламын. Ақша әйелімнің шотына түсіп тұрады, – дейді тұтқын.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №3 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Олжас Қалдарбеков осы лауазымда 2022 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қызмет барысында қылмыстық-атқару жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда жасақ бастығы міндетіне сәйкес сотталғандарды тәрбиелеу және оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету, қайтадан қылмыс жасаудың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты жұмысты орындайды.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сондай-ақ өздерін мерекелік, спорттық шараларда дұрыс жағынан белсенді көрсеткен сотталушыларды көтермелейміз. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы арыз-шағымдарын қабылдау. Арыз-шағымдар Астана қаласындағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа жолданады. Сотталғандар тарапынан қазіргі таңда әр уақытта күнделікті тәрбиелік, спорттық іс-шаралар сабақтар өткізіліп тұрады, – дейді жасақ бастығы Олжас Қалдарбеков.

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті

400 тұтқыны бар түрмеде Астанада ашық есік күні өтті Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға