Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды