Жаңалықтар

"4 қызымды алып, қаштым". Әнші Алтынай Жорабаева басынан өткен оқиғаны айтып берді

"4 қызымды алып, қаштым". Әнші Алтынай Жорабаева басынан өткен оқиғаны айтып берді
Фото: Әлеуметтік желі 16.11.2023 11:11 23231

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялап, өзі де зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтып жүр. 

Ер адам Алланың тиымдарының шеңберінен шыққан күні әйелінен мінез шығады". Осы постты 2015 жылы 1 қазанда салған екенмін. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім ғой. Содан 2016 жыл 11 қаңтарда Астанаға қаштым ғой 4 қызымды алып, - дейді әнші.

Әнші заң жүзінде бұл мәселені қатаңдату керегін айтып, билікті сынады.

Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болған соң бүкіл заң еркекке ыңғайлы жасалған! Ащы болса да шындық! Айналадағы болып жатқан жайттардың шешімдерін қарап-ақ түсіне бересің! Сол себепті құрметті ата-аналар, қызды "ер азаматыңды сыйла" деп тәрбиелегендей, ұлдарыңызды да "қыз баланы сыйла, қорға, ол - Алланың аманаты" деп тәрбиелеңіздерші, иә! Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасында, қоғамда тыныш өмір болады, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға