4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
06.12.2022 18:54
1154
Еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
7 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман түседі.
7 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
7 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды