3D принтерлердің жіктелуі
Соңғы 1-2 жылда Әлемнің барлығын дүрліктірген жаңалықтардың бірі - 3D принтерлердің кең қолданысқа енуі. Өндірісте құралдар мен заттарды жасап шығару үшін көп пайдалануда. Бірақ әлі де болса 3D басу технологиясының барлық мүмкіншіліктері пайдаланылмауда. Принтердің ішіне қандай материал құйса, сол материалдан кезкелген затты басып шығаруға болады. Алдағы жылдардың көлемінде принтерлер біздің де өмірге енері анық. Сол кезде абдырап қалмау үшін, ол технология туралы сәл де болса хабардар болу керек. Бүгін 3D принтерлердің түрлері туралы сөз болмақ.
1) FDM (fused deposition modeling) - затты жасап шығару үшін дозатор арқылы материалды сығып шығарады. Бұл принтер қатарына Stratasys принтерлері, әртүрлі кулинариялық (глазурь, ірімшік, қамыр), медициналық принтерлер кіреді. Бұл принтерлер сонымен қатар биомедицинада жиі пайдаланылады.
2) Polyjet технологиясы. 2000 жылы Израильдік Objet комапниясы ойлап тапқан. Жоғарды аталған компанияны 2012 жылы осы саланың танымал компанияларының бірі – Stratasys сатып алған. Технологияның мәні: шүмектен кішкентай көлемде фотополимерлер атылып шығады. Ультра күлгін әсерінен жасалып жатқан затқа жабысып қалады. Басқалардан айырмашылығы, материалдардың көптеген түрімен жұмыс істей алады. Технология артықшылықтары: 1) қабаттардың қалыңдығы 16 микрон (қан жасушасы қалыңдығы 10 микрон); 2) Сұйықтықты жылдам береді, сол себепті принтер өте жылдам. Технология кемшіліктері: Ультракүлгінге сезімтал. Сонымен қатар басып шағыру үшін тек фотополимер пайдаланылады. Қолдану аясы: өндірістік прототип жасау мен медицина.
3) LENS (LASER ENGINEERED NET SHAPING) – лазер сәулесі белгілеген аумаққа шүлмектен ұнтақтар үрленеді. Ұнтақтың жартысы ұшып кетеді, ал лазерге түскен ұнтақтар бірігіп, қабат-қабат болып үлгіні құрайды. Дәл осы технология бойынша болат және титан нысандары жасалып шығады. Бұл әдістің арқасында 3D басып шығару өндірісте кеңінен пайдаланыла бастады. Ұнтақтарды оңай қосып, әртүрлі құйындылар алуға болады.
4) LOM (laminated object manufacturing) – пышақ немесе лазер арқылы материалдардың жұқа бөліктері кесіліп, кейін нысан ретінде бірге желімделеді. Яғни, бір жұқа табақ жасалады, сосын оның үстіне тағы бір материал бөлшегі салынады. Лазер бірі-үстіне жасалған қабаттарды контур бойынша кесіп отырады. Ең соңында барлығы ауыр салмақ әсерінен басылады. Қағаздан, пластиктен немесе алюминиден нысандар жасауға болады.
5) SL (Stereolithography) – Стереолитография. Сұйық полимерге толы кішігірім ванна бар. Лазер сәулесі үстінен жүріп өтеді. Ультракүлген сәуле әсерінен сұйықтық полимерленеді. Бір қабаты дайын болғаннан кейін бөлшектер жасалған платформа төмен түседі. Әдетте фотомилимер улы болып келеді. Өте қымбат және қиын. Артықшылықтары: тез, өте нақты (10 микронға дейін).
6) LS (laser sintering) – лазерлік желімдеу. SL-ге ұқсас технология. Сұйық полимер орнына ұнтақ пайдаланылады. Артықшылықтары: 1) бөлшектің басып шағыру кезінде сыну қауіпі төмен. Себебі, ұнтақ қосымша қорғаушы механизм атқарады; 2) керекті материалдарды сатылымда табу жеңіл. Кемшіліктері: 1) сырт келбеті борқылдақ келеді; 2) кейбір ұнтақтар қопарылғыш. Сол себепті азат толтырылған арнайы камераларда сақталу керек. 3) ұнтақтардан материал жасау үрдісі өте үлкен температурада жасалады. Осыған байланысты, қорытынды нысан температурасы жоғары. Жасалынған құрылғылардың суығанын ұзақ күту керек.
7) 3DP (three dimensional printing) – технология 1980 жылы MIT студенті Paul Williams ойлап тапқан. Алдымен ұнтаққа жасалатын нысанның бейнесі түсіруледі. Кейін, үстінен желім қосылады. Желімденген қабат үстіне тағы ұнтақ салынады және желімдеу үрдісі жалғасады. Артықшылықтары: 1) желім негізгі құраушы болғандықтан, оған әртүрлі түс қосуға болады; 2) технология арзан және қуат көзін аз пайдаланады; 3) үйде немесе офисте пайдалануға жеңіл. Кемшіліктері: 1) жасалынған нысанның кескіні қанық емес; 2) жасалынған нысанды қосымша өңдеуден өткізу керек.