Жаңалықтар

3 жылда 13 млрд. Алматы облысында көлікті тіркеу кезінде заңсыздықтар болған

Бастапқы тіркеу кезінде 2500 АЕК көлемінде алым төлемегені анықталды.
3 жылда 13 млрд. Алматы облысында көлікті тіркеу кезінде заңсыздықтар болған
23.07.2022 06:34 1585

Алматы облысында 13,5 миллиард теңгеге алым төлемей, көлік құралдарын бастапқы тіркеуден өткізудің 2 329 дерегі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды EL.KZ.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысында ауыр салмақты көліктерді бастапқы тіркеуге алым төлемей шетелден әкелу дерегі анықталған.

Алматы облысының салық органдары Алматы облысы Әкімшілік полиция басқармасының тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) 13,5 миллиард теңгеге көлік құралдарын алым төлемей бастапқы есепке қоюдың 2 329 дерегін анықтады. Өзге елдерден әкелінген көліктер, атап айтқанда, шыққан уақыты жеті жылдан асқан жүк тракторларын бастапқы тіркеу кезінде 2500 АЕК көлемінде алым төлемегені анықталды (2019 жылы - 6,3 миллион теңге, 2020 жылы - 6,9 миллион теңге, жылы 2021 жылы - 7,3 миллион теңге)", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитетінде бұл деректер міндетті төлемдерді нақты төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілін көрсетеді, бұл бюджеттің айтарлықтай шығынына әкелетіні айтылды.

Әкімшілік полиция түспеген алым сомасын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері кінәлі адамдар тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға