Жаңалықтар

39 жастағы әкім қайтыс болды

39 жастағы әкім қайтыс болды
Фото: instagram.com/gorkovoy_dmitry 21.04.2023 10:50 1705

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдері қала басшысының ауруханада көз жұмғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. Горьковойдың жасы небәрі 39-да болған.

Риддер қаласының әкімі лауазымын 2020 жылғы қыркүйектен бері атқарып келген.

Дмитрий Горьковой 2020 жылдың қыркүйегінен бері Риддер қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясында бастаған. 2015 жылдың тамыз айынан 2020 жылға дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға