Жаңалықтар

37 жастағы әйел Таиланд премьер-министрі атанды

37 жастағы әйел Таиланд премьер-министрі атанды
Фото: © AP Photo/ Sakchai Lalit 16.08.2024 12:07 690

Пхетхонгтхан Чинават Таиланд премьер-министрі болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Конституциялық сот «әдепті өрескел бұзғаны үшін» Сеттх Тхависинді лауазымды қызметінен шеттеткен.

Үміткерді қолдап 319 депутат дауыс берсе, 145-і қарсы шыққан, ал 27 депутат қалыс қалды.

Осылайша, ол Таиландтың 31-ші әрі ең жас премьер-министрі атанды. 

Сонымен қатар 37 жастағы Пхетхонгтхан Чинават – Таиланд премьер-министрі атанған екінші әйел. Сонымен қатар елдегі ең лауазымды қызметті атқаратын Чинават әулетінің үшінші өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға