Жаңалықтар

“3,7 мыңнан аса адам дауыс берген”. Ринат Зайытовқа қарсы петиция жарияланды

“3,7 мыңнан аса адам дауыс берген”. Ринат Зайытовқа қарсы петиция жарияланды
Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi 29.09.2023 14:35 3176

Қазақстанда Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың өкілеттігін тоқтату туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Петицияға 3,7 мыңнан аса адам дауыс беріп үлгерген. Оның 2,5 мыңнан аса депутаттың өкілеттігін тоқтатуға қарсы болса, 1,2 мың адам қолдаған.

Петиция авторы Айбек Амантаев Ринат Зайытовтың барлық алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайтыны туралв айтқан мәлімдемесі негізсіз екенін алға тартқан. 

Ринат Зайытовтың анықтамасына сенсек, Қазақстан Республикасының 15,6 миллион азаматы - алаяқ әрі алаяқтық әрекеттер жасайды, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Оның бұл мәлімдемесі қоғамда наразылық тудырды, бұл еліміздің әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіреді және бұл мәлімдемелер демократиялық елде қабылданбайды, - деп жазған петиция авторы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға