Жаңалықтар

37 градус ыстық. 8 маусымға арналған ауа райы болжамы

37 градус ыстық. 8 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 08.06.2023 00:37 657

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін бірқатар өңірде күн ысиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде күндіз найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ аласында күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында күндіз жоғары өрт қаупі болжанады.

Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ аласын да төтенше өрт қаупі болжанады. Түркістан қаласында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қа ла сы н да күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Актөбе қаласында төтенше өрт қаупі болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Павлодар қа ла сы н да күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Көккшетау қа ла сы н да түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с. Талдықорған қа ла сы н да күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қ останай қа ла сы н да солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қа ла сы н да күндіз найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Петропавл қа ла сы н да түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстік-батысында күндіз 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қапі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға