Жаңалықтар

-35 градус аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

-35 градус аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: Pixabay.com 05.02.2025 14:09 109

«Қазгидромет» 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальді бөліктер ауа райын қалыптастырады, аздаған қармен бірге төменгі бұрқасын күтіледі, ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжануда, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде –10-15°C, солтүстік-батыста –17-25°C, солтүстікте, орталықта –17-28°C, шығыс аймақтарында –18-35°C дейін төмендеуі күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға