Жаңалықтар

34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті

34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті
Фото: iStock 17.03.2025 12:52 491

Әзербайжанның Жалилабад қаласында ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1991 жылы туған ер адам өз үйінде ес-түссіз күйде табылып, дәрігерлер оны қайтыс болды деп таныған. Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізілген соң, мамандар оның тірі екенін анықтады. Ол тек комаға түскен болып шықты.

Науқас дереу Жалилабад аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған "механикалық асфиксия" диагнозын қойып, қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға