Жаңалықтар

31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 30.01.2023 20:53 1050

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

31 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с құрайды. 2-3 ақпанда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады. 3 ақпанда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

1-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыға, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 0-5 градус аязға дейін көтеріледі.

31 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с жетеді. 1 ақпанда оңтүстікте, шығыста, таулы аудандарда жауын-шашын болады. 2-3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз 3 ақпанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Өңірдің таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14 м/с құрайды. Екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Алакөл көлдері аумағында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі мүмкін. 2-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін көтеріледі.

31 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

31 қаңтарда Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.

31 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұманды болады.

31 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға