Жаңалықтар

300 қазақстандық талапкер Түркия грантын иеленді

300 қазақстандық талапкер Түркия грантын иеленді
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 20.08.2024 17:34 339

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді. Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға