Жаңалықтар

300 мың төледім. Досымжан Таңатаров Мәдина Сәдуақасоваға қолы жетпегенін айтты

300 мың төледім. Досымжан Таңатаров Мәдина Сәдуақасоваға қолы жетпегенін айтты
Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov / instagram.com/sadvakasovamadina 25.04.2023 14:53 21351

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров өнердегі әріптесі Мәдина Сәдуақасова туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық арнадағы «Жақсы адамдарым» бағдарламасының бір саны Мәдина Сәдуақасова арналған еді. Досымжан Таңатаров онымен 2000-жылдардың басында Президент оркестрінде бірге қызмет атқарған.

Мәдина өнердегі жолын менен ерте бастағанымен, бес жылдай сахнадан, телеарна мен концерттен, ел назарынан тыс қалды. Сол уақытта керісінше, менің жұлдызды шағым басталды. Жақсылығым өтті деп айта алмаймын. Алайда гастрольдерге бірге ертіп апардым, - дейді әнші.

Ол тұста Досымжан Таңатаров «Ұят болмасын», «Таң қалмаңыз» «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламалары арқылы көпшілікке танылып қалған.

2003 жылы Республика сарайында жеке кешім өтіп, содан кейін бүкіл облысты аралау басталды. Сол уақытта жалғыз шықпайсың. Әні жүрекке жететін, елге танылған, келген қонақ жақсы әсер алатын әнші ретінде «Мәдина, облыста концерт беруді бастадым. Бірге барып қайтайық» деп айттым. Өзі де бірден келісе қойды. Қаншама гастрольге бірге бардық. Мәскеуде өткен наурызға да қатыстық. Бүкіл Қазақстан болмаса да, тең жартысына бірге концерт қойдық. 2007 жылдары Мәдинаға өзіміздің қолымыз жетпей қалды. Ол өз әнін, жолын тапты. Содан бері тілеулеспіз,- деді Досымжан Таңатаров.

Әнші Мәдинаға бір концерт үшін 300 мың теңге гонорар төлеген екен.

Ол кезде Досымжанның «Құралай», «Аққуым» әндері хит болып тұрған. Біз «Тараздан шал дауысты әнші келе жатыр» деп қатты күттік. Бірақ өзі 25-те. Содан бері түк өзгермеген. Досымжан гастрольдік сапарға шығып жатыр дегенді бәріміз естідік. «Досымжан кімді жанына қосып алады екен» деген кезде мен «Шіркін, маған түссе екен»деп қатты толқыдым. Досымжанның адамгершілігін, халықпен қалай жұмыс істейтінін, қарындастарына қалай қорған болатынын білемін. Президент оркестрінде 20 мың теңге жалақы алып жүрген тұста 300 мың теңге гонорар беріп қуантқан, - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға