Жаңалықтар

30 Мвт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық қорытындылары

30 Мвт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық қорытындылары
Фото: gov.kz 23.11.2023 05:32 552

2023 жылғы 22 қарашада жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 14 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 302 бағалық ұсыныс берілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 50.4 МВт құрады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 41,23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 19.8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 30-дан 31.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «FTR-Green-LTD» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 19.8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Turan Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.5 МВт, аукциондық бағасы 19.88 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «ТК-Мост XXI» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 20.35 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Electrical Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.2 МВт, аукциондық бағасы 20.36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ынтымақ-Энерго» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 22.35 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі жобаның белгіленген қуаты 3.5 МВт, аукциондық бағасы 22.36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ажур» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 23 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Көксу Қуаты» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.5 МВт, аукциондық бағасы 25.44 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • ҚР СРИМ СШК «Қазсушар» ШЖҚ РМК жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 25.89 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Ulken Qaqpaq Hydro» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 26.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтеді.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

Келесі аукцион 2023 жылғы 23 қарашаға ҚР БЭЖ Батыс аймағының күн электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға