3 жасар бүлдіршін көз жұмды: Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші үш адамды қақты

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
03.08.2023 13:00
1303
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмағанды қағып кетті.
Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Трампқа 561 жыл түрмеге тоғытылу қаупі төніп тұр
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті