Жаңалықтар

3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 02.02.2025 18:27 118

3 ақпанда республиканың бірнеше өңірінде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады.

Атырау облысының батысында, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. 

Алматы облысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус қатты аяз.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады..

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз Аягөз ауданында да жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с. 

Павлодар облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының шығысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға