Жаңалықтар

29 қазанда күн райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

29 қазанда күн райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 29.10.2023 01:17 999

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 қазандағы Қазақстан аумағындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ, қар жауады, түнде батыста, орталықта, күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанды, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанды. Кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Көкшетау қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында желдің екпіні 18 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Павлодар облысында көктайғақ болады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болжанды. Облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болады деп болжанды.

Күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға