29 наурызда күн жартылай тұтылады

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
28.03.2025 09:03
385
Сенбіде Еуропаның, Батыс Африканың және Солтүстік Азияның тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азия, АҚШ-тың солтүстік-шығысы мен Канаданың шығысындағы тұрғындар күннің жартылай тұтылуын көре алады.
Айдың көлеңкесі Күнді жартылай ғана жауып, ол жарты ай тәрізді көрінеді.
Солтүстік және Оңтүстік Американың басым бөлігінде тұтылу таң ата болады. Батыс Еуропа мен Африкада – таңертең, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда – түстен кейін болады.
Бөлісу:
