28 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
«Қазгидромет» синоптиктері 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне алі де солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады – жаңбыр, еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың шығысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында қатты ыстық сақталады.
Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен шығысында өте қатты ыстық сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.