Жаңалықтар

28 мамырда бірнеше өңірде күн райы бұзылады

28 мамырда бірнеше өңірде күн райы бұзылады
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 27.05.2023 22:22 657

28 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» күн райына байланысты 14 өңірде ескерту жариялады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл маңында екпіні - 15-20, күндіз - 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны облыстың көп бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с. 28-29 мамырда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 28-29 мамырда облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші - 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде - найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Найзағай кезінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы қаласында кей уақытта күн күркірейді, найзағай кезінде жел екпіні - 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға