Жаңалықтар

27 жыл жасырынған қауіпті қылмыскер Бельгияда ұсталды

27 жыл жасырынған қауіпті қылмыскер Бельгияда ұсталды
Фото: Видеодан кадр 03.06.2024 18:18 359

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген. Ол Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіру ісіне қатысқан. Сондай-ақ кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап етіп алдын ала сөз байласқан адамдар тобында болған.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатовтың сөзінше, тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды.

Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуатбек Науатов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға