Жаңалықтар

27 жыл құтқарушы болып қызмет еткен қостанайлық зейнетке шықты

27 жыл құтқарушы болып қызмет еткен қостанайлық зейнетке шықты
Фото: ТЖМ 16.11.2024 11:19 124

Қостанайлық құтқарушыларды құрметті демалысқа шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мақатов Әділ Санзыбайұлы азаматтық қорғаныс саласында қызмет еткеніне 27 жыл. Еңбек жолы облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Исмурзин Мұрат Амангелдіұлының төтенше жағдайлар саласында жұмыс істегеніне 22 жыл. Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекші қызметкері.

Беляков Владимир Михайлович Азаматтық қорғаныс органдарындағы жұмыс өтілі 25 жыл. Қостанай қаласы №5 Өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі. Жүйелі жұмыстын арқасында ҚР Президентінің қолынан «Ерлігі үшін» медальмен марапатталған.

Осы күнге дейін қиын сәттерде адамдардың өмірін сақтап қалуға бар күшін салып, өз қызметтерін адал атқара білді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға