27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
27.09.2022 08:24
1278
Қазгидромет 27 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.
ҚР-ның басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, онымен бірге жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында пәтер кезегінде тұрғандарға баспана беріледі
Келесі жаңалық
Астанаға Беларусь президенті келді